Еңбекқор, еңбекшіл, еңбекқой, еңбеккер, еңбекқұмар

lat: Eńbekqor, eńbekshil, eńbekqoı, eńbekker, eńbekqumar

Еңбек еткіш, еңбек сүйгіш, еңбек құмар, бейнеткер.

Нұрақын - осы ауылдағы ерекше бір еңбекқор да өнерлі адам (Б. Соқпақбаев).

Оспан - өз шаруасын тындырып жүре беретін еңбекшіл бір жан (С. Жүнісов).

Қазақтың алғашқы еңбекқой оқушы жастары орыс тілін де тез игеріп, білім алуға ынта-ықылас білдірді («Айқап»),

Жарасбай Бақтығұлды еш бөтен жаққа мойын бұрғызбай, еңбеккер де іскер жігіт қылып алды (М. Әуезов).

Жадырап жатыр жайсаң жер-несібе, Тартынсын еңбекқұмар ел несіне (I. Мәмбетов).